Kyzylorda-news.kz Қармақшы ауданы Жосалы ауылдық округінде 10 шаруа қожалық жұмыс істейді. Шаруа қожалықтар күріш егумен қатар көкөніс, бақша дақылдарын егеді және мал өсірумен шұғылданады. 

Үй шаруашылықтарында 25 гектарға бақша, 5 гектарға көкөніс, 10 гектарға картоп егілді. көкөніс, бақша дақылдарын еккен 52 үйге бақшалық жер «Дәуіт» шаруа қожалығы арқылы дайындалып, берілді. Округтегі шаруақожалықтары бойынша 170 гектарға күріш, 55 гектарға мақсары, 70 гектарға бақша, 22 гектарға көкөніс, 18 гектарға картоп егілді. 2023 жылғы жағдай бойынша мүйізді ірі қара малы – 825 бас, қой -459 бас, ешкі – 617 бас, жылқы – 191 бас болып саналды. Барлық 93 отбасының 66 отбасы мал ұстайды. Барлық құс саны – 345 дана. 

Ауылдық округтегі шағын және орта кәсіпкерлік саласының дамуына тоқталсақ. Жосалы ауылдық округі, Төребай би ауылы бойынша халық саны – 465, Тіркелген кәсіпкерлер саны – 39. Жалпы халық санына шаққандағы кәсіпкерлердің үлесі – 8,3 пайызды құрайды. Жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 33. Жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлер үлесі – 84,7 пайыз.

– Өткен жылы Ұлттық жоба» бағдарламасы шеңберінде «Іскер» бағдарламасы бойынша 2 ауыл тұрғыны несие алып, өз кәсіптерін бастады. Атап айтқанда, Гаухар Әбдікәрімова. «Мүйізді ірі қара өсіру» жобасы бойынша «Өңірлік инвестиция орталығынан» (РИЦ) 4 000 000 теңге несие алып, кәсібін бастап кетті. Нағашыбай Өтемұратов. «Мүйізді ірі қара» өсіру» жобасы бойынша «Өңірлік инвестиция орталығынан» (РИЦ) 2 500 000 теңге несие алып, кәсібін дөңгелентіп жатыр.

«Ұлттық жоба» бағдарламасы бойынша 2023 жылға 2 адамға грант алып беру жоспары қойылды. Жоспар толығымен орындалып 2 адам грант жеңімпазы болды. Атап айтқанда Амангелді Өтемұратов (көпбалалы, жәрдемақы алушы) «Мүйізді ірі қара өсіру» жобасымен 1 380 000 теңге алып, кәсібін бастады. Рахым Есетов (көпбалалы, жәрдемақы алушы) «Тоғанда балық өсіру» жобасымен 1 380 000 теңге алып, кәсібін бастады.

Қаржы және салық саласына келсек, ауылдық округ бойынша жеке тұлғалардың мүлік, жер, көлік салықтары  ауылдық округ әкімі аппаратының дербес қолма-қол есеп айырысу шотына түсіріледі. 2023 жылғы салық түсімдері жер салығы бойынша – 21мың теңге, мүлік салығы бойынша – 59 мың теңге, көлік салығы бойынша - 900 мың теңге, табыс салығы – 463 мың, заңды көлік салығы – 98 мың теңге, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем-3500 теңге, коммуналдық мүлікті жалға беру – 168мың теңге,бірыңғай жер салығы – 10 мың, мемлекет меншігіндегі мүлікті сатудан түсетін түсім – 246 мың теңге, жыл көлемінде барлығы – 1 млн 968 мың 500 теңге жоспарланып, ол толығымен жиналды,– дейді ауыл әкімі Владимир Жақсылықұлы. . 

Білім беру саласы бойынша аылдағы 200 орындық №199 орта мектеп 2006 жылы пайдалануға берілген. Онда қазіргі уақытта 89 бала білім алуда. 2022-2023 оқу жылында 11 сыныпты 3 оқушы бітіріп, одан 2 оқушы ҰБТ-ға қатысып, мемлекеттік грант иегері болды. Жалпы орташа балл – 79,5 құрады. Мектепте 26 мамыр-17 маусым аралығында «Жазғы мектеп» жұмыс жасап, онда 40 оқушы демалса, сыртқы лагерлерге 10 оөушы жіберілді. Мектеп бойынша анықталған әлеуметтік көмекті қажет ететін 31 оқушыға түрлі әлеуметтік көмектер берілсе, 1-4 сыныптар аралығындағы 38 оқушыыстық тамақпен қамтылды.

Жаңа үлгідегі №15 «Ақ көгершін» бөбекжай-бақшасы 2018 жылы салынып пайдалануға берілген, ондағы «Жұлдыз» ересектер тобында 25 бала, «Балапан» кіші тобында 20 бала, барлығы 45 бала қамтылған. Бөбекжай - бақшадағы 25,75  штаттық жүктемеде 9 педагогикалық, 18 техникалық қызметкер жұмыс жасайды.

Ауылдық клубта барлығы 35 іс-шара өткізілді. 7 үйірме,1үгіт бригада жұмыс жасайды. Ән, би, әзіл-сықақ, мәдени үгіт бригадасы барлығы 10 мүше тартылған. 

Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану және бұқаралық спортты дамыту мақсатында № 199 орта мектептің спорт залында волейбол, теннис спорт түрлерімен  шұғылдануларына толықтай жағдай жасалған. Ауылдан шыққан спортшылар да аудандық турнирлерден жүлдегер атануда.

Құрылыс жөндеу және абаттандыру жұмыстары бойынша өткен жылы инфрақұрылым бойынша 9 млн 436 мың 210 теңгенің балалар ойын және спорт алаңы салынды. Мердігер «Энергиянұр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. «Жеңіс көшесіне күрделі жөндеу жұмысын жүргізу», «Жеңіс көшесіне светодиодты жарық шамдарын орнату», Пахреддин Байшораұлы көшесін жарықтандыру және қиылыс 1 көшені жарықтандыруға жоба сметалық құжаттарын жасатуға қаржы бөлініп, аталған жұмыстардың жоба сметалық құжаттары жасалды.

Жұмыссыздықты азайту бағытында атқарылған нақты жұмыстар жетерлік. Өткен жылы «Ұлттық жоба» аясында елді мекенде қоғамдық  жұмысқа 30 адам, жастар тәжірибесіне 3 адам, әлеуметтік жұмыс 1 адам, Күміс жас жобасы бойынша 2 адам қабылданды. Сондай-ақ шаруа қожалықтарда маусымдық жұмысқа қоғамдық негізде 10 жұмыссыз ретінде тіркелген адам қамтылды.

Биылғы жылы ауылдық округте бірнеше жоба қолға алынғалы жатыр. Соның ішінде көшелерге жөндеу жұмыстарын басты назарға алып отырмыз. Жоба сметалық құжаттары дайын болған Жеңіс көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жұмыс құны 84 млн 989 мың теңге бөлініп отыр. Сонымен қатар Пахреддин Байшораұлы көшесіне заманауи үлгідегі светодиодты жарық шамдар орнату жұмыс құны 30 млн 985 мың теңге, Жеңіс көшесін жарықтандыру жұмыс құны 26 млн 998 мың 842 теңге, 2 қиық көшеге жарық шамдар орнату жұмыс құны 52 млн 137 мың 888 теңге атқарылады деп жоспарлануда, – дейді ауыл әкімі.

Тағы да оқыңыз: