Kyzylorda-news.kz  Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары Константин Воронкиннің ұсталғанын растады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Ұлттық ұлан бас қолбасшысының техника және қару-жарақ жөніндегі орынбасары Константин Воронкинді қамауға алды.

 «Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасарының құқыққа қайшы әрекет жасады деген күдікпен ұсталғанын растайды. Қазір тергеу әрекеттерін құзыретті органдар ішкі істер министрлігімен бірлесіп жүргізеді. Министрлік өз қатарында сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбейтін принципті ұстанымын білдіреді, осыған байланысты қолданыстағы заңнама аясында объективті және жан -жақты тергеу жүреді»,-деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.

Фото: Ұлттық ұланның баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз: