«AMANAT» партиясының Шиелі аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында «Ұлттық мұра – ұрпаққа аманат» атты жергілікті қолөнер шеберлерінің көрмесі өтті.

Көрме - ата-бабамыздан қалған өнерді ұлықтап, оны жас ұрпақтың санасына сіңіру мақсатында ұйымдастырылды. Көрмеге 17 шебер қатысып, қазақ халқының тарихын, эстетикасын және дүниетанымын танытатын тоқыма, кесте, зергерлік бұйымдар, киіз басу, ағаш және былғары өңдеу секілді сан түрлі 100 - ден аса өнер туындыларын қойды.

«AMANAT» партиясы «Ұлттық мұра» жобасы аясында мәдени мұраны насихаттауға бағытталған бастамаларға жүйелі түрде қолдау көрсетіп келеді. Бүгінгі қолөнер көрмесі соның бір бөлігі деп айтсақ болады. Қолөнер – халқымыздың рухани байлығы, ұлттық болмысы мен мәдениетіміздің баға жетпес байлығы. Оны сақтау – бәріміздің ортақ борышымыз. Бүгін біз «Ұлттық мұра – ұрпаққа аманат» атты көрме арқылы еңбек адамдары, яғни қолөнер шеберлерінің еңбегін насихаттай отырып, кейінгі ұрпақтың ұлттық мұраға деген қызығушылығын арттырып, оған құрмет қалыптастыруды мақсат еттік», – деді аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Жібек Баймұратова.
Көрме соңында, төл мәдениетімізді дамытуға өлшеусіз үлес қосып жүрген бірқатар қолөнер шеберлеріне партия атынан Алғыс хаттар табысталып, құрмет көрсетілді.

