Kyzylorda-news.kz Сыр өңіріне жұмыс сапармен келген "AMANAT партиясының хатшысы Шолпан Каринова Қармақшы ауданы Қорқыт ата теміржол станциясының маңында орналасқан Қорқыт ата тарихи-мәдени мемориалдық кешенімен танысты.
Бұл кешен түркі халықтарының рухани мұрасының символы болып саналады. Қорқыт — түркі әлемінің ұлы ойшылы, күйші, жырау, данагөйі.
Партия хатшысы "AMANAT" партиясының мәдениет пен өнерді қолдауға бағытталған "Miras" кеңесі мен ұлттық мұрамызды қадірлеп, кейінгі ұрпаққа насихаттаудағы "Ұлттық мұра" жобасы аясында жасалып жатқан жұмыстарды көріп, оң бағасын берді.