Kyzylorda-news.kz А.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ректоры Лаура Қарабасова ұлттық құрылтайда жасанды интеллект саласындағы мамандарды даярлауды күшейту қажеттігі туралы мәлімдеме жасады.
Оның айтуынша, Қазақстанға жасанды интеллект жүйесін дамытудың жаһандық процестерінен қалыс қалмау маңызды. Алайда бұл үшін білікті практикалық кадрлар қажет. Бұл ретте қолданыстағы шарттар бизнеспен тең дәрежеде бәсекелесуге мүмкіндік бермейді.
– Мықты кадрларды даярлау үшін қаржыландыру тетіктерін қарастыру қажет, – деп атап өтті Лаура Қарабасова.
Ол білім беруге бағытталған қолдау мен инвестициясыз жасанды интеллект саласын дамыту қиынға соғатынын атап өтті.
