Kyzylorda-news.kz Қазақстандағы саяси және әлеуметтік реформалардың аясында 2022 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылған Ұлттық құрылтай – ел болашағына бағытталған маңызды қадамдардың бірі болды. Құрылтайдың мақсаты – халық пен билік арасындағы байланысты нығайту, қоғамдық мәселелерді ашық талқылау және елдегі реформаларды тиімді жүзеге асыруға атсалысу. Бұл бастаманы ақпараттық сүйемелдеу және халыққа түсіндіру жұмыстары оның тиімділігі мен қоғамдағы рөлін арттырады.

Ұлттық құрылтай – қоғам үшін жаңа диалог алаңы ретінде маңызды рөл атқарады. Ол қоғамның түрлі топтарын біріктіріп, халықтың үнін тыңдау, олардың пікірлерін ескеріп, елдің болашағына қатысты шешімдерді бірлесіп қабылдау. Бұл бастама Қазақстанның дамуына ықпал ететін әлеуметтік, экономикалық және саяси мәселелерді талқылауға мүмкіндік береді.

Қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылау арқылы құрылтайдың негізгі міндеті айшықталады. Құрылтай аясында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелер мен ұсыныстар көтеріліп, олардың шешімдері қарастырылады. Халықтың әртүрлі әлеуметтік топтары мен аймақ өкілдері өз пікірлерін ашық айтып, қоғамдағы маңызды өзгерістерге белсенді қатысады. Негізгі міндеттерінің бірі – билік пен қоғам арасындағы байланысты нығайтып, мемлекеттік шешімдер қабылдау процесіне азаматтарды тартуға мүмкіндік беру. Сонымен қатар, Қазақстанның ұзақ мерзімді даму мақсаттарына жету жолдары анықталып, реформаларды жүзеге асыру үшін ұсыныстар қабылдау.

Оның табысты жұмыс істеуі үшін ақпараттық тұрғыдан қолдап, қоғамға кеңінен түсіндіру маңызды. Ақпараттық сүйемелдеу арқылы құрылтайдың мақсаты мен міндеттері және қабылданған шешімдер туралы қоғамға нақты әрі түсінікті мәлімет беру қажет. Бұл бағытта мемлекеттік органдар, бұқаралық ақпарат құралдары және қоғамдық ұйымдар белсенді жұмыс атқарып келеді.

Бұқаралық ақпарат құралдары, интернет ресурстары және әлеуметтік желілер арқылы құрылтайдың қызметі, талқыланған мәселелер мен қабылданған шешімдер туралы қоғамға дер кезінде ақпарат жеткізу, халықтың құрылтай жұмысы туралы хабардар болуына мүмкіндік береді. Ұлттық құрылтайдың тиімділігін арттыру үшін халықтың ұсыныстарын, пікірлерін жинап, оларды құрылтай аясында қарастыру маңызды. Ақпараттық сүйемелдеу осы пікірлердің жинақталуына және олардың мемлекеттік шешімдер қабылдауға әсер етуіне ықпал етеді. Құрылтай мүшелері де ақпараттық сүйемелдеу арқылы тұрғындармен тұрақты кері байланыс орнату қажет. Бұл халықтың қажеттіліктері мен ұсыныстарының құрылтайда қарастырылуын қамтамасыз етеді.

Инабат Итенген,

Жас маман

Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылы

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Тағы да оқыңыз: