Kyzylorda-news.kz «Ұлттық құндылықтар: салттың сырлы бейнесі» атты кәсіби суретшілердің республикалық шығармашылық конкурсын өткізу қағидалары.
1-тарау. Жалпы ережелер
- «Ұлттық құндылықтар: салттың сырлы бейнесі» атты кәсіби суретшілердің республикалық шығармашылық конкурсын (бұдан әрі – Конкурс) өткізу қағидалары (бұдан әрі – қағидалар) «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы, 6-тармағы 9) және 12) тармақшаларына, Қазақстан Республикасы Мәдениет министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы
№56 бұйрығымен бекітілген Республикалық конкурстар мен фестивалдерді өткізудің үлгілік қағидаларына сәйкес(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6923 болып тіркелген) жасалды және Конкурсты өткізу тәртібін реттейді. - Конкурстың ұйымдастырушысы – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі.
- Конкурс тек кәсіби суретшілер арасында өткізіледі.
2-тарау. Конкурстың мақсаттары мен міндеттері
- Конкурстың мақсаты – бейнелеу өнері туындыларының негізінде ұлттық құндылықтар мен мәдени нысандарды дәріптеу, отандық суретшілердің шығармашылығын қолдау және қоғамдағы патриоттық рух пен ұлттық бірегейлікті қалыптастыру болып табылады.
Конкурстың міндеттері:
1) қоғамда қазақ халқының ұлттық құндылықтары мен мәдени нысандарын дәріптеу;
2) суретшілерге шығармашылық туындыларын жасау кезінде ұлттық идеяларды сақтай отырып, өздерінің ерекше шығармашылықстилін көрсетуге мүмкіндік беру;
3) қоғамда отансүйгіштік сезімін дамыту, ұлттық бірегейлікті қалыптастыру және қазақстандық мәдени қоғамды шоғырландыру;
4) жас ұрпақ бойында ұлттық құндылықтарды насихаттау, тарихи-мәдени мұраға құрметпен қарау, дәстүрлі мәдениет үлгілерін жаңаша бейнелеуге бағытталған шығармашылық пікірталастар өткізу үшін белсенді арт-алаң құру.
3-тарау. Конкурс өткізу тәртібі
- Конкурс2024 жылғы 9 желтоқсан және 2025 жылғы 28 ақпан аралығында өткізіледі.
- Конкурсты өткізу қағидалары Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің, Бейбітшілік және келісім сарайының, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалалары мәдениет басқармаларының интернет-ресурстарында, сондай-ақ республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылады.
- Конкурсты өткізу кезеңдері:
- 2024 жылы 9 желтоқсанда Конкурс туралы хабарландыру республикалық және жергілікті баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады;
- 2025 жылдың 8-24 ақпан аралығында Конкурстық өтінімдерді жинау және қарау, Конкурсқа шығармашылық жұмыстарды қабылдау жүргізіледі;
- 2025 жылы 25-28 ақпан аралығындашығармашылық жұмыстарды іріктеу шаралары іске асырылады;
- 2025 жылы 12 наурызда Конкурстыңжеңімпаздарын марапаттау рәсімі өткізіліп, үздік шығармашылық жұмыстардың көрмесі ашылады.
- Үміткер Конкурсқа қатысу жөнінде осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес өтінімді ulttyk_muzei@mail.ru электрондық мекенжай арқылыҰйымдастыру комитетінеұсынады.
- Үміткерден осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ақпарат толық ұсынылмаған жағдайда, өтінім қаралмайды және қайтарылуға жатпайды.
- Конкурстың шарттары:
1) Конкурсқа қатысу үшін тек кәсіби суретшілер шақырылады;
2) шығармашылық жұмыстың өлшемі 80х60 см-ден кем болмауы тиіс;
3) материалдары: кенеп, майлы бояу немесе акрил;
4) шығармашылық жұмысқа pdf/jpeg форматындағы шығарманың қысқаша аннотациясы мен 10 х 15 см. өлшемі фотосуреті қоса берілуі тиіс;
5) шығармашылық жұмыс багетпен рәсімделіп, автор қол қоюы тиіс;
6) іріктеу 21 жастан 60 жасқа дейінгі жас аралықтарын қамтиды.
11.Конкурстың шығармашылық жұмыстарының негізгі тақырыптық бағыты (жанрлары: пейзаж, натюрморт, сюжеттік картина) қазақ халқының дәстүрлі мәдени құндылықтары.
- ҮміткерКонкурстың негізгі тақырыптық бағытын таңдау кезінде осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес кестедегі талаптарды басты назарға алуы тиіс.
- Конкурсқа қатысушы үміткер шығармашылық жұмыстарды жасау кезінде осы Қағидалардың 11-тармағында көрсетілген конкурстың негізгі тақырыптық бағыттарын, сондай-ақ осы Қағидалардың 1-қосымшасын басшылыққа алады.
- Конкурсқа қатысушы үміткер авторлық шығармашылық жұмысыносы Қағидалардың 7-тармақ 2) тармақшасында көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасының Ұлттық музейіне Астана қаласы,Тәуелсіздік даңғылы,
54 мекен-жайына ұсынуы тиіс. - Конкурсқа бұрын басқа жерде жарияланбаған және іске асырылмаған шығармашылық жұмыстар (жобалар) жіберіледі, сондай-ақ бір автордан бір жоба және бір өтінім қабылданады.
- Шығармашылық жұмыстарды іріктеуді осы Қағидалардың
3-қосымшасына сәйкес құрамдағыкомиссия мүшелері Қазақстан Рерсупбликасының Ұлттық музейінде офлайн форматта жүзеге асырады. - Қатысушылардың шығармашылық жұмыстарын іріктеу критерийлері:
1) бейнелеу өнері техникасының кәсіби, техникалық және академиялық дағдыларын меңгерудің жоғары деңгейі;
2) конкурстық туындының жоғары орындаушылық және шығармашылық деңгейі;
3) конкурстық жұмыста жоғары көркемдік құрамдас бөліктің болуы;
4) шығармашылық жұмыстың эстетикалық түрі.
- Конкурс жеңімпаздарын комиссия мүшелері қатысушылар жасаған шығармашылық жұмыстардың сапасы мен креативтілігі негізінде таңдайды.
- Байқау қорытындысы бойынша Бейбітшілік және келісім сарайында көрме ұйымдастырылады, сондай-ақ қатысушылардың таңдалған шығармашылық жұмыстарынан Каталог шығарылады.
- Байқау қорытындысы бойынша қатысушылардың іріктелген шығармашылық жұмыстары Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің қорына тұрақты сақтауға беріледі.
- Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі және таңдалған шығармашылық жұмыстар көрмесінің ашылуы Бейбітшілік және келісім сарайында 2025 жылы 12 наурызында офлайн форматта өтеді.
- Жеңімпаздарды марапаттау аясында:
1) Конкурс жеңімпаздарына салтанатты жағдайда диплом және ақшалай сыйақы беріледі;
2) Конкурсқа қатысушыларға сертификат беріледі.
4-тарау. Ұйымдастыру комитеті
- Конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін осы Қағидалардың
3-қосымшасына сәйкес құрамда Ұйымдастыру комитеті құрылады. - Ұйымдастыру комитеті Конкурсқа дайындық және ұйымдастыру жұмыстарына басшылық етеді.
- Конкурс жұмысын жариялау мақсатында Ұйымдастыру комитеті бұқаралық ақпарат құралдарына баспасөз хабарламаларын, Конкурс бағдарламасы мен ақпараттық-анықтамалық сипаттағы өзге де материалдарды ұсынады.
- Ұйымдастыру комитетінің мүшелері өз функцияларын қоғамдық негізде жүзеге асырады.
5-тарау. Конкурстың қазылар алқасы
- Конкурстың Қазылар алқасы осы Қағидалардың 23, 24-тармақтарында көрсетілген номинацияларға сай жұмыстарды анықтайды, бағалайды, қорытындылайды және сыйлық беру туралы шешім қабылдайды.
- Конкурстың Қазылар алқасы осы Қағидалардың
14, 15, 16-тармақтарына сәйкес критерийлер негізінде конкурстық өтінімдер мен шығармашылық жұмыстарды қарастырады. - Қазылар алқасы келесідей құқықтарды өзіне қалдырады:
1) сыйлықтар беру және сыйлықақыларды қатысушылар арасында бөлу;
2) арнайы сыйлықтар мен номинациялар беруге міндетті.
- Байқаудың Қазылар алқасы ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыстардың негізінде шешім қабылдайды, нәтижесі Қазылар алқасының төрағасы мен мүшелері қол қойған хаттамамен рәсімделеді.
- Конкурста Қазылар алқасының сыйлық беру туралы шешімі көрме қорытындыларының ашылу салтанатында жарияланады, түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.
- Конкурстың Қазылар алқасының отырысын өткізу орны: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
6-тарау. Конкурсты қаржыландыру
- Конкурсты қаржыландыру «Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және архив ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру» 033 бюджеттік бағдарламасының «Тарихи-мәдени мұраны сақтауды қамтамасыз ету» 107 кіші бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады.
- Конкурстың тақырыптық бағыттарына сәйкес іріктеуден өткен жұмыстарға келесідей ақшалай сыйлықтар белгіленеді:
Көркем шығармалар: станоктық кескіндемеде пейзаж, натюрморт жанрларындағы дәстүрлі ойындар, мерекелер, әдет-ғұрыптар және жалпы қазақ тұрмысы тақырыбындағы сюжеттік картина:
- Гран-При – 2 000 000 (екі миллион) теңге;
- 1-орын – 1 500 000 (бір жарым миллион) теңге;
- 2-орын – 1 000000 (бір миллион) теңге;
- 3-орын – 700000 (жеті жүз мың) теңге;
- ынталандыру ақшалай сыйлығы – 100000 (жүз мың) теңге.
- Барлық ақшалай сыйлықтар жеке табыс салығын ескере отырып есептеледі.
7-тарау. Қорытынды ереже
- Осы Қағидаларда реттелмеген барлық мәселелер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.