Kyzylorda-news.kz Педагогтердің жасанды интеллект мүмкіндіктерін білім беру үдерісінде тиімді пайдалану тәжірибесін арттыру, жеке оқу траекториясын қалыптастыруға бағытталған пәндік ЖИ-ассистенттерді әзірлеуді ынталандыру мақсатында «Үздік ЖИ-ассистент (цифрлық ұстаз) – 2026» облыстық байқауының қалалық кезеңі өтті.
Байқау 3 турдан тұрды. Әр кезеңде қатысушылардың жасанды интеллектіні сабақ үдерісіне тиімді кіріктіруі, цифрлық өнім әзірлеуі және оның білім сапасын арттырудағы мүмкіндіктері жан-жақты бағаланды.
І тур – «Цифрлық ұстаз»
Бұл кезеңде мұғалім өзінің жұмыс істейтін пәндік ЖИ-платформасын таныстырды. ЖИ-ассистенттің функционалдығы мен техникалық жұмыс істеуі, пәндік мазмұнының сапасы және оқу бағдарламасына сәйкестігі, оқушыға бейімделуі мен жеке тапсырма ұсынуы, кері байланыс пен қатемен жұмыс жасауы, ЖИ құралдарын тиімді әрі мақсатты қолдануы, педагогикалық тиімділігі мен креативтілігі бағаланды.
ІІ тур – «Білім сапасын арттыру»
Қатысушылар ЖИ-ассистент арқылы нақты оқу тапсырмасын орындап, оның білім сапасын арттырудағы мүмкіндігін көрсетті. Бұл кезеңде білім деңгейін диагностикалау және талдау, деңгейлік және сараланған тапсырмаларды әзірлеу, функционалдық сауаттылық пен PISA бағытындағы тапсырмаларды қолдану, қателерді интеллектуалды талдау және түзету, жеке оқу траекториясын қалыптастыру, оқу нәтижесін бағалау және динамикасын көрсету назарға алынды.
ІІІ тур – «PROMPT LAB – пәндік ЖИ-шеберхана»
Қатысушыларға белгілі бір пәндік тақырып беріліп, сол тақырып бойынша өз промпттарын әзірлеп, ЖИ көмегімен цифрлық өнім жасады және оны сабақта қолдану жолдарын көрсетті. Бұл кезеңде промпттың сапасы мен құрылымдылығы, пәндік мазмұнның дұрыстығы және оқу бағдарламасына сәйкестігі, цифрлық өнімнің сапасы мен функционалдығы, ЖИ мүмкіндіктерін тиімді пайдалану, педагогикалық тиімділік, креативтілік пен инновациялық шешім, өнімді сабақта қолдану сценарийі және нәтижені қорғау шеберлігі бағаланды.
Қазылар алқасының қорытынды бағалауы бойынша жүлделі орындар анықталды:
- І ОРЫН – 98 балл
- Жәли Қорқыт Жеңісұлы
- Ж. Кизатов атындағы №23 мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі
ІІ ОРЫН – 90 балл
- Арқабаев Нұрқанат – №143 орта мектеп, математика пәні
- Сағынбаев Әлішер Нұрланұлы – С. Толыбеков атындағы №3 ІТ мектеп-лицей, физика пәні
- Елдеева Динара Кенжебаевна – «Зерде» жалпы білім беру мектебі, информатика пәні
ІІІ ОРЫН – 88 балл
- Раманкулов Берик Мирамханович – №290 орта мектебі, математика пәні
- Абекова Асия – №140 мектеп, информатика пәні
- Жеткергенова Эльмира – Т. Есетов атындағы №264 мектеп-лицейі, қазақ тілі пәні
- Кенжеев Ержан Султанбекович – Т. Рысқұлов атындағы №222 мектеп-лицей, физика пәні
