Kyzylorda-news.kz  Заман талабының сұранысына санасы жетік, адами құндылықты жанына серік еткен, айналасына сын көзбен қарап, қоғамдық өмірге белсене араласатын жастардың жаңа буынын қалыптастыруда. Өз Отаны Қазақстан, оның басты құндылықтарын құрмет тұтатын жас жеткіншектерді тәрбиелеуде мектептің дебат үйлестірушілерінің алар орны ерекше.

       «Ұшқыр ой алаңы» дебаттық қозғалысы жобасы аясында Сырдария аудандық дебат үйлестірушілері жыл бойына жақсы жұмыс көрсете білді. Олардың дәлелі ретінде өткізілген аудандық мектеп директорлары, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар, мектеп мұғалімдері, оқушылар арасындағы дебат ойындары, ҚР Оқу-ағарту министрлігі «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының» ҚР Пікірсайыс бойынша жобалық кеңсесінің сарапшысы Нүркен Дәулетпен кездесу кештері, әдістемелік семинарлар өткізілген болатын. Осы 2024 жылдың 22 мамыр күні оқу жылын қорытындылау мақсатында Сырдария аудандық мектептеріндегі дебат үйлестірушілерінің пікірсайыс турнирі өткізілді. Дебат турнирі өте тартысты, әрі қызықты өтті. Қатысушылар топ-топқа бөлініп, белгілі бір тақырып аясында өзара пікірталасқа түсті. Әр топ өзіндік ерекшелігімен, сөз саптауымен дараланды. Дебат жеңімпаздары анықталып, арнайы дипломмен марапатталды.

Тағы да оқыңыз: