Kyzylorda-news.kz. Қазгидромет синоптиктері 9 сәуір, жексенбі күні ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар өңірде ескерту жариялады.

9 сәуірде түнде Қызылорда облысының орталығында, оңтүстігінде найзағай жарқылдайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында желдің күші 15-20 м/с жетеді.

9 сәуірде Ақтөбе облысының орталығында, оңтүстігінде шығыстан жел соғады, екпіні - 15 м/с.

9 сәуірде Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын жауады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші - 17-22, кей жерде 27 м/с дейін жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 2 градус үсік жүреді.

9 сәуірде түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, батысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз екпіні облыстың солтүстігінде, батысында - 15-20 м/с.

9 сәуірде Маңғыстау облысының түнде - орталығында, күндіз - оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, орталығында күн күркірейді. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соққан желдің қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді.

9 сәуірде Алматы облысының таулы аудандарында кей уақытта қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың оңтүстігінде найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында, таулы аудандарында жел екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с жетеді.

Алматы қаласында ертең кей уақытта қатты жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде жел екпіні - 15 м/с.

9 сәуірде Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында күн күркірейді. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің қарқыны найзағай кезінде 15-20 м/с болады.

Тағы да оқыңыз: