Kyzylorda-news.kz. Тергеу полиция департаменті бастығының ерекше бақылауында. 2024 жылдың 14 мамырында Ақтөбе қаласындағы емдеу мекемесіне облыс тұрғыны үш жасар баланы жыныстық зорлық-зомбылық іздерінің бар-жоғына тексеру жүргізу туралы өтініш білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Осы өтініш бойынша жедел-тергеу тобының оқиға орнына дереу шығуы қамтамасыз етілді. Қылмыстық іс тіркеліп, оның шеңберінде қажетті сараптамалар тағайындалып, жүргізілді. Сот-медициналық сарапшының алдын ала мәліметтері бойынша, жас баланың жыныс органдарының аймағында дене жарақаттары жоқ. Сонымен қатар, қылмыстық іс полиция департаментінің Тергеу басқармасының өндірісіне қабылданды". Ақтөбе облысы ПД баспасөз қызметі

Оқиғаның барлық мән-жайлары мұқият тексерілуде.

"Барлық тергеу шаралары процессуалдық прокурордың қатысуымен жүргізіледі", делінген ресми хабарламада.

Тергеу полиция департаменті бастығының ерекше бақылауында.

Фото: ҚР ІІМ

Тағы да оқыңыз: