Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қалалық Полиция басқармасының криминалдық полиция қызметкерлері 3 автокөлікті ұрлап кеткен дерек бойынша күдікті облыс тұрғынын ұстады.

27 наурыз күні түнгі сағат 04:06 шамасында белгісіз адам көпқабатты үйдің ауласында тұрған «Нексия» автокөлігін белгісіз бағытқа айдап кеткен. Дәл осы тектес дерек бойынша 11 сәуір күні полиция басқармасына және Ақсай полиция бөліміне қала тұрғындары келіп, Шұғыла мөлтек ауданы аумағындағы көпқабатты тұрғын үй ауласында және жер үйдің алдында тұрған ресейлік нөмірлі «Нексия» автокөліктерінің есігін кілтпен ашып, белгісіз бағытқа айдап кеткені жөнінде «102»-ге хабарласып шағымданған.

Полиция қызметкерлеріне іздеу салған автокөлік бойынша бағыт-бағдар берілді.

26 жастағы күдіктіні Арал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері ұстады. Айғақ зат ретінде ұрланған автокөліктер тәркіленді. Тергеу барысында осы деректерге қатысы бар басқа да тұлғалар тексерілуде.

Аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөлігімен (бернеше рет жасалған ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды. Күдікті басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тағы да оқыңыз: