Үнемі кешігіп жүрудің психологиялық себебі бар екендігі анықталды – Kyzylorda News
Басты бет

Үнемі кешігіп жүрудің психологиялық себебі бар екендігі анықталды

07.01.2020, 11:00

661 0

Kyzylorda-news.kz. Кешігетін қанша адам болса, кешу себебі де сонша болуы мүмкін. Дегенмен, психологтардың айтуынша, адамның кешігіп жүруіне бейсана әсер етеді, деп жазады The Guardian басылымы.

«Бір бала кішкентай кезінде анасының кесірінен күнде сабаққа кешігіп баратын. Анасы оған кешігудің еш сөкеттігі жоқ екенін, ерте барған адамдар да алаңдаулы болатынын айтқан. Сол себепті ол ержеткен соң үнемі кешігіп жүрген. Ал ерте бара қалса, ол бейсаналы түрде өз анасын сатып кеткендей сезінген. Осылайша, үнемі кешігіп жүретін адамдар бейсаналы түрде әрекет етеді», дейді психологтар.

Олардың айтуынша, адамның үнемі кешігу себебі – өте күрделі мәселе. Дегенмен, бұл адамның жетістікке жетуіне кедергі келтіреді.

«Сондай-ақ адамның кешігіп жүруіне бір әрекетті бітіріп, екіншісіне көшу арасындағы шекараның болмауы да әсер етуі мүмкін. Бұл да пихологияда өте маңызды себептердің бірі», дейді психологтар.

0

Пікір қалдыру