Kyzylorda-news.kz ҚР Премьер‑министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен 124 теміржол вокзалын жаңғырту және реконструкциялау мәселелері бойынша кеңес өтті.
Кеңеске облыс әкімдері, Көлік, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктерінің және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығы қатысты.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшылығының 124 теміржол вокзалын жаңғырту және реконструкциялау барысы туралы, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Абай облыстары әкімдерінің баяндамалары тыңдалды.
Бүгінгі таңда 71 теміржол вокзалы пайдалануға берілді. Қалған нысандар бойынша жұмыстар бекітілген кестелерге сәйкес жалғасады.
