Kyzylorda-news.kz Блогер Жанәділ Райымбеков күйеуінің рұқсатынсыз жүріп-тұратын әйелдерді қатаң сынға алды.

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Әйелін қызғанатын, оған былай киінгенің дұрыс деп талап ететін, әйелінің қайда жүргенін білгісі келетін еркекті “абьюзер” деп санайтын адам бұл Алланың дінін және Алланың кемшілігі бар деп есептейтін адам. Бұл адамдар үлкен күнәға ұрынады. Тәубә қылмаса болмайды. Неге? Себебі, біріншіден ол Шариғаттың талабы. Әйел күйеуінің рұқсатынсыз үйінен шыға алмайды. Әйел күйеуінің рұқсатынсыз шығып кетсе, үйіне қайта оралғанша періштелердің қарғысында болады. Тіпті әйел адам өзі тапқан дүниені күйеуінің рұқсатынсыз жарата алмайды”, — деді блогер.

Фото: instagram.com/zhanadil_raimbekov

Тағы да оқыңыз: