Фото: smartnews.kz


Kyzylorda-news.kz Жолды түзеп берсе де болады деп едім, түземепті деп ашынды Назым.

 SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, жазғы олимпиада ойындарында бокстан әйелдер құрамасынан ел намысын қорғаған Назым Қызайбай ауылының жағдайын айтты. Айтуынша, ол тұратын Алматы облысы, Жетіген ауылында жол өте нашар, тіпті канализация пен су да жүрмегенге ұқсайды. 

«Үйге бардым. Асфальт та, жол да төселмеген. Асфальт төсемейтінін біліп, жолды түзеп берсе де жетеді деп айтқан едім. Жолды да түзетпепті. Қарасай ауданында үйлер көп салынып жатыр, бірақ асфальт әлі жоқ. Кәріз, су желілерін өткізгеннен кейін салатын шығар мүмкін. Жол жаман, нашар. Қыстың күні көлігіңді аяп, асфальт бар жерге қойып, жаяу кетесің», - дейді Назым Қызайбай.
 


 

Тағы да оқыңыз: