Kyzylorda-news.kz. Тұрғындардың қолында "тұрғындарға ақша қолға берілсін" сарынындағы плакаттарды көруге болады.
Құлсары қаласының тұрғындары әкімдік ғимаратының алдына тағы да жиналды, деп хабарлайды KYN.KZ тілшісі.
Жылыой ауданы әкімдігінің алдына жиналғандар қала басшысы Жұмабек Байрақбаев пен биліктегілерге тез арада суға кеткен үйлерді бағалап, қаржыны есепшоттарына салуды талап етіп жатыр.
Тұрғындардың қолында "тұрғындарға ақша қолға берілсін" сарынындағы плакаттарды көруге болады. Өйткені көпшілік "мердігерлер үйді сапасыз салады" деп алаңдап отыр. Тұрғындар үй іргетасын өздері қалап, сапалы салғысы келеді.
Еске сала кетейік, өткен айдағы апат салдарынан Жылыой ауданында 2920 үйді су басқан. Ал 2622 тұрғын үйге сараптама жүргізілді. Барлығы 3000-ға жуық өтініш түскен. Су тасқынынан зардап шеккен 3904 тұрғынға 100 пайыз біржолғы жәрдемақы берілді.
Фото: kyn.kz