Kyzylorda-news.kz. «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» республикалық акциясы аясында Ғани Мұратбаев музейінде «Үйдегі тыныштықтан, жер бетіндегі бейбітшілікке» тақырыбында cала мамандарының қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

Аталған шараға аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Махамбеталиев Бекқожа, Ы.Алтынсарин атындағы №204 орта мектептің педагог – психологы, «Кәусар Қолдау» жеке меншік мекемесінің директоры, медиа-тренер Бисенова Жания Жоямергенқызы, Қазалы аудандық полиция бөлімінің полиция майоры  Есетов Нұрбол Айбекұлы, Қазалы қалалық әкімі аппаратының әдіскері Ражатова Салтанат Нұрлыбекқызы, Қазалы аграрлы-техникалық колледж қызметкерлері, қала тұрғындары қатысты. 

Дөңгелек үстел барысында Қазалы аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Махамбеталиев Бекқожа, Қазалы аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы, полиция майоры Есетов Нұрбол мырза биылғы жылғы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық әрекеттерінің статистикасын және жәбірлеушіге заң жүзінде қолданатын шаралар жайлы ақпарат берді. 

Педагог-психолог Жания Жоямергенқызы зорлық-зомбылықтың түрлерін және тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге көрсетілетін психологиялық көмек жайлы бөлісті. Жалпы қатысушылар,шақырылған әр сала мамандары тақырып төңірегінде өз ойларын ортаға салып, пікір алмасты.

318017910_1669729696757881_6481487507243910290_n.jpg

Тағы да оқыңыз: