Kyzylorda-news.kz. Жануарларды өсірумен, асыраумен, бағумен, көбейтумен айналысатын жеке және заңды тұлғаларға мал жаятын орындардан басқа орындарда жануарларды жаюға рұқсат етілмейді.
Сондай-ақ, көшелерде, алаңдарда, гүлзарларда, басқа да қоғамдық ортақ пайдаланылатын орындарда жануарларды жаюға қатаң тыйым салынады.
Осы аталған қағидалар сақталмаған жағдайда жануарлардың иелері «Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Кодексінің 505-бабына сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Айта кетерлігі, «Қызылорда облысының елді мекендерінде жануарларды асырау қағидалары” Қызылорда облыстық мәслихатының 2015 жылғы 18 наурыздағы 263 шешімімен бекітілген. Осы қағидада жануарларды асырау тәртібі көрсетілген.
