Kyzylorda-news.kz. 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 31 наурызға дейін үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы мәліметтерді «ҮЕҰ Дерекқорына» ұсыну басталды.

ҮЕҰ Дерекқорына мәлімет ұсыну мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік гранттар шеңберінде әлеуметтік бағдарламаларды және (немесе) әлеуметтік жобаларды іске асыруға, сондай-ақ ҮЕҰ үшін сыйлық алуға арналған конкурсқа қатысу үшін керек (міндетті түрде).

Сіз өз ұйымыңыздың қызметі туралы мәліметтерді ҮЕҰ Дерекқорының https://infonpo.gov.kz/ интернет-порталы арқылы жібере аласыз (интернет-порталда авторизациядан өту ХҚКО-да алынған заңды тұлғаның ЭЦҚ кілтінің көмегімен мүмкін болады).

ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді ұсынбау, уақытылы ұсынбау және анық емес немесе жалған мәліметтер ұсынылған жағдайда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік көзделген.

Қосымша сұрақтарды Азаматтық қоғам істері комитетінің 740428@mail.ru электрондық поштасына жолдауға болады.

Жедел желі қызметі:
8 (7172( 74-04-28
8 (7172) 74-04-47
8 (7172) 74-05-43

Фото: Нұрболат Нұржаубай 
337862062_235299508884714_3096209619250432319_n.jpg

Тағы да оқыңыз: