Kyzylorda-news.kz. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес, 1 қазаннан бастап 1 қараша аралығында Қызылорда облысы көлемінде «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.  

Іс-шара аясында аймақтағы 5712 пәтер мен 42395 жеке үйлерді тәртіп сақшылары аралап, учаскелік полиция инспекторларының визиткалары таратылды.

Тексеру барысында 29 пәтер заңсыз жалға ұсынылып жатқандығы анықталып, шешім қабылдау үшін құжаттар жергілікті мемлекеттік кірістер басқармаларына жолданды.

Ішкі істер органдарының профилактикалық және тізімдік есебінде тұрған 2373 азамат тұрғылықты мекен-жайларынан тексеріліп, профилактикалық әнгімелер жүргізілді. Сонымен қатар, барлығы 6414 әкімшілік құқық бұзушылық деректері анықталса, оның  416 дерегі көші-қон заңнамаларын бұзу.

Ішкі істер органдарының есебінде тұрған қару иелерінің 4273-і тексеріліп, қаруды сақтау, тасымалдау ережелерін бұзған 24 облыс тұрғынына қатысты шара көрілсе, ішкі істер органдарына тіркелмеген 8 мылтық тәркіленді.

Қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар жалғасуда.

WhatsApp Image 2022-10-26 at 18.10.25(1).jpeg

Тағы да оқыңыз: