Kyzylorda-news.kz.  Қызылордада «Учаске» жедел – профилактикалық іс шарасы 01 қыркүйек пен 01 желтоқсан аралығында өткізілуде. Жүргізіліп жатқан жедел-профилактикалық іс-шараларға 284 – ден астам полиция қызметкері жұмылдыруда.

 Іс-шараның 1 ай мерзімінде 7550 көп қабатты үйлердің пәтерлері мен 8535 жеке меншік үйлер тексеріліп, тұрғындармен танысу, визитка тарату жұмыстары жүргізілуде. Сонымен бірге, көпқабатты үйлерде жалға берілетін 148 пәтер тексерілумен қамтылып, 7 пәтер заңсыз жалға берілетіні анықталып, тексеру жүргізу мақсатында мемлекеттік кірістер басқармасына хаттар жолданды. Сондай-ақ, қалаға қарасты саяжай алқаптары, ауылдық жерлер мен елді-мекендердегі қыстақтар мен шаруа қожалықтары, құрылыс объектілері, оның ішінде тоқтатылған және тасталған объектілер, шатырлар, жертөлелер, канализациялық құдықтар мен өзге де орындар тексерумен қамтылып отыр.

Басқарманың әр түрлі санаттағы профилактикалық есебінде тұратын 1141 тұлға мекен-жайлары бойынша тексеріліп, олармен құқық бұзушылықтың алдын алу барысында профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Іс-шара барысында, учаскелік полиция инспекторларымен 935 әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды.

Қызылорда қаласында аңшы мылтығы бар 151 2 қару иелері тексеріліп, қаруды сақтау ережесін бұзған 5 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 3 аңшы мылтығы тәркіленді. Тұрғылықты мекен-жайлар жоқ азаматтарды, шетел азаматтардың көші-қон ережесін бұзу, тыйым салынған заттарды сақтау фактілерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізіліп, іс-шара күнделікті өз жалғасын табуда.

Тағы да оқыңыз: