*Kyzylorda-news.kz. Электронды форматтағы ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күнінде Қызылорда қаласындағы №136 мектептің 11-сынып оқушысы Дильназ Алматқызы 134 ұпай жинап, жоғары нәтиже көрсетті.*

Талапкер бейіндік пәні ретінде физика-математика бағытын таңдап отыр. Үздік оқушы тестілеудің жаңа талабына сай екі рет тапсыру мүмкіндігін пайдаланып, екінші рет өтетін сынақта жоғары нәтижеге жетемін деген үмітте.

Айта кетейік, электронды ұлттық бірыңғай тестілеуге түлектердің 85 пайызы қатысады.

Тағы да оқыңыз: