Kyzylorda-news.kz.  Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай Астанада «Адал Тұлға» IX ұлттық сыйлығын табыстау рәсімі өтті.

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қосқан үлесі және жоғары деңгейде жүргізіліп жатқан ақпараттық жұмысы үшін Төтенше жағдайлар министрлігі «Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталық» республикалық қоғамдық бірлестігінің наградасымен марапатталды.

Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күні мен «Бірінші сыбайлас жемқорлыққа қарсы медиа-орталық» РҚБ-ның 10 жылдығына арналған «Адал Тұлға» IX сыйлығы аясында Қызылорда қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының бас маманы Ержан Құдайбергенов  және аға инженер Мақсат Төремұрат марапатталды.

ТЖМ трансформациясы шеңберінде азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін «Integrity check» парасаттылығына тексерудің пилоттық жобасы бойынша жұмыс жалғасуда.

Пилоттық жоба енгізілген сәттен бастап нәтижелер жеке құрамды тәртіпке келтіріп, профилактикалық әсер ете отырып, өзінің тиімділігін көрсетті. Қызметкерлер өз жұмысына жауапкершілікпен қарап, өз міндеттерін адал орындауда.
 

Тағы да оқыңыз: