Kyzylorda-news.kz Өткен жылы тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласына 435 өтініш келіп түскен. Өтініштерге салалар бойынша жүргізілген талдаудың нәтижесінде олардың 60 пайызы бөлшек сауда саласына қатысты екені анықталған. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында Қызылорда облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің басшысы Ерқасым Сүлейменов салада атқарылған жұмыстарды баяндады.

– Бізге келіп түскен өтініштерді заңға сәйкес қарау барысында 244 өтініш қанағаттандырылып, 15 өтініш түсіндірілс, 151-і басқа мемлекеттік органдарға жолданды. Нәтижесінде, тұтынушыларға барлығы 7,7 млн теңгенің қаражаты қайтарылды. Сондай-ақ, есепті кезеңде департаментпен 40 нарық субъектісіне тексерулер жүргізілді. Өздеріңіз білесіздер, 2023 жылдан бастап бізде «Сапалы өнім» жобасы жүзеге асырылуда. Бұл ішкі нарықта отандық өндірушілер мен тұтынушыларды қорғау мақсатында сапасыз және қауіпті тамақ өнімдерін анықтау мақсатында құрылған. Осы бағыт бойынша өткен жылы сауда үйлерінен 121 өнім сатып алынып, тексерілді. Сараптама қорытындысымен 98 өнімнен таңбалаудағы сәйкестіктер мен мемлекеттік тілде ақпараттардың жоқтығы анықталды. Алдағы уақытта да аталған жұмыстар өз жалғасын табатын болады. Сонымен қатар, заң жобалау жұмыстарының жоспарына сәйкес «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын және оған ілеспе «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы әзірленіп, қазіргі таңда Мәжілісте қаралуда. Аталған заң жобасына сәйкес тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі Омбудсмен институтын енгізу ұсынылады. Бұл мәртебе тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы жүйелі проблемаларды мемлекеттік биліктің жоғары деңгейіне шығаруға мүмкіндік береді,- деді Ерқасым Жайбергенұлы.

Қызылорда өңірі құрылыс жұмыстарының көлемі бойынша республикада бірінші орында.jpg

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Тағы да оқыңыз: