Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың басы тағы дауға қалды, - деп хабарлайды Dalanews.kz

Бұл туралы заңгер Анна Чернова Instagram парақшасында айтты. Оның сөзінше, бас бостандығынан шектелген Нұрасыл Болат жазасын өтемей жүрген көрінеді. 

Заңгердің жекесіне Нұрасылға қатысты видеолар келген. Видеода Болатұлы далада темекі шегіп, тіпті бір қызды ұрған көрінеді. 

Видео шамамен таңғы 3-те түсірілген. Ал Нұрасыл Болат жазасын өтеу талаптары бойынша 23.00-ден кейін үйінен шықпауы керек. 

Заңгер қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде тексеріс жүргізуді талап етіп, Антикорға үндеу жасады. 

Еске салайық, бұған дейін ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Алматыда өз сүйіктісі мен екі заңгерді соққы астына алғаны туралы ақпарат тараған еді.

Бойжеткенге араша түспек болған адвокаттар да таяқ жеп қалғаны белгілі болды. Бұл жағдай Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі 293 "Бұзақылық" бабы бойынша тіркелді.

Тағы да оқыңыз: