Kyzylorda-news.kz Облыс әкімінің мәжілісінде көтерілген туристік саланы дамыту және цифрландыру мәселесі бойынша қала әкімі Нұржан Ахатов жиын өткізіп, тиісті сала жетекшілеріне бірқатар тапсырма жүктеді.
- Қаламызға туристік бағытта өзге өңірлердің қызығушылығын арттыру үшін халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсартып, жергілікті өнімдердің ассортиментін ұсыну, тарихи орындарға турлар жасау бойынша нақты шаралар қабылдау керек. Сондай-ақ, интернет кеңістігіне шаһардың тарихи деректерін, көрікті жерлердің жаңартылған фотоларын, бейнероликтерін енгізу қажет. Бұл да туризмді цифрландырудың қадамы, – деді Нұржан Сәбитұлы.
Мәжілісте туристердің қонақ үйлерге booking порталы арқылы алдын ала тапсырыс беруін оңтайландыру да айтылып, тапсырмалар хаттамаға енгізілді.
Фото: Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметі