Kyzylorda-news.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қызылорда облысы бойынша Департаменті туризм саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін зерделеу және анықтау мақсатында өңірдің дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау бастады.

Талдауды Департамент қызметкерлері, мүдделі мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам өкілдері жүргізеді.

Талдау шеңберінде туристік саланы қаржыландырудың ашықтығы, объектілер құрылысы, ықтимал мүдделер қақтығысы және өзге де мәселелерді зерделеу жоспарлануда.

Егер Сіз сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпаратқа ие болсаңыз немесе туристік саланы жетілдіру бойынша қандай да бір ұсыныстарыңыз болса, оларды apvo.kzo@mail.ru электрондық поштаға жолдауды, немесе  8 707 771 91 20 нөміріне хабарлауды сұраймыз.

Құрметті Қызылорда облысының тұрғындары, аталған саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюда әрқайсыңыздың пікіріңіз маңызды. Біз шетте қалмауға және өз азаматтық ұстанымыңызды көрсетуге шақырамыз.

Фото: aikyn.kz

Тағы да оқыңыз: