Kyzylorda-news.kz Халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, нақты іспен шешу – партия жұмысының басты қағидаларының бірі. Осы бағытта «AMANAT» партиясы жүйелі жұмыстарды жүзеге асырып келеді. Соның бір айқын дәлелі – жуырда оң шешімін тапқан тұрғынның әлеуметтік мәселесі.

2025 жылдың 6 қарашасында «AMANAT» партиясы Шиелі аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде аудандық мәслихат депутаты Дихан Әубәкіров кезекті жеке қабылдауы өтті. Қабылдау барысында аудан тұрғыны, зейнеткер азаматша өз үйіне газ жүйесін тарту мәселесі бойынша өтініш білдірді. Қарт кісінің айтуынша, тұрмыстық жағдайына байланысты бұл мәселені өз күшімен шешуге мүмкіндігі болмаған.

Әлеуметтік маңызы жоғары бұл өтініш назардан тыс қалмай, фракция мүшесі Дихан Әубәкіров пен партияның аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Жібек Баймұратованың тікелей бақылауына алынды. Мәселені жан-жақты зерделей келе, нақты шешу жолдары қарастырылып, тиісті жұмыстар қолға алынды.

Нәтижесінде, партия өкілдерінің үйлестіруімен және зейнеткердің кезінде мектеп бітірген шәкірттері — бүгінгі таңда елдің әр саласында еңбек етіп жүрген түлектердің демеушілік қолдауымен қарияның үйіне газ құбыры толық тартылып, қажетті жабдықтар орнатылды. Бұл – бір ғана әлеуметтік мәселенің шешілуі емес, сонымен қатар адамгершілік пен елдік құндылықтардың көрінісі.

Аталған игі іс партия мен халық арасындағы өзара сенімнің, бірліктің және ынтымақтастықтың айқын дәлелі болды. «AMANAT» партиясының басты ұстанымы – тұрғындардың өтінішін тыңдап қана қоймай, оны нақты нәтижеге жеткізу. 

Тұрғын өтініші Аманат.jpg

Фото: Нұрболат Нұржаубай

Тағы да оқыңыз: