Kyzylorda-news.kz «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалициясының өкілдері Қосжар ауылы тұрғындарымен кеңейтілген форматта кездесу өткізді. Басқосуға өңірлік коалиция жетекшісінің орынбасары Мұрат Тлеумбетов, өңірлік коалиция мүшелері Ержан Искендір мен Садық Мұстафа, аумақтық коалиция жетекшісі Базарбай Төрахметов, сондай-ақ аумақтық коалиция мүшелері Талғат Қанатов пен Болатбек Алипов қатысты.

Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының мазмұны жан-жақты түсіндіріліп, оның ел дамуына, соның ішінде ауылдық аумақтардың әлеуметтік-экономикалық ахуалына тигізер ықпалы кеңінен талқыланды. Спикерлер конституциялық реформаның басты бағыттарына тоқталып, мемлекеттік саясаттың әлеуметтік сипатын күшейту, еңбек адамының құқықтарын нақты қорғау тетіктерін бекіту, ауыл тұрғындарының жергілікті басқару ісіне қатысу мүмкіндігін кеңейту мәселелерін тарқатып айтты.

Әсіресе, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту арқылы ауыл халқының шешім қабылдау үдерісіне белсенді араласуы маңызды екені атап өтілді. Бұл қадам ауылдық жерлердегі инфрақұрылымды жақсарту, әлеуметтік нысандардың сапасын арттыру және халықтың тұрмыс деңгейін көтеруге негіз болатыны жеткізілді. Сонымен қатар, Конституция деңгейінде бекітілетін әлеуметтік және экономикалық кепілдіктер азаматтардың құқықтық қорғалуын күшейтіп, ел болашағына деген сенімін нығайтатыны айтылды.

Арал тұрғындармен кездесу 2.jpg

Тағы да оқыңыз: