Kyzylorda-news.kz. Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Жалғас Сүйеубаев, аудандық мәслихат депутаты Ерболат Мұқаш және Әйтеке би кентінің әкімі Қайрақбай Орынбасаров Әйтеке би кентіндегі 2 кварталдың тұрғындарымен кездесіп, ұсыныстарын тыңдады.

Кездесуде тұрғындар өздерін толғандыратын мәселелерін айтты. Нақтыласақ, М.Матаев атындағы №170 мектептің алдына тоқтайтын №8 маршрут 2 кварталдың орталығындағы көшені қамти отырып жүргізілсе, сондай-ақ, аумақтағы көшелерге түнгі жарықшамдар орнатып, жолдарды жөндеп, аяқ су мәселесін шешуді сұрады.

Тұрғындардың мәселесін тыңдаған басшылар заңдылыққа сәйкес түсініктеме берді. Сонымен қатар айтылған мәселелерді назарға алып, тиісті жоба сметалық құжаттары әзірленіп, алдағы уақытта кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді.

Тағы да оқыңыз: