Kyzylorda-news.kz  Өздеріңізге белгілі, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, бір апта бұрын шаһар басшысы Нұржан Ахатов қала іргесіндегі «Ягодка» және «Пищевик» саяжайларының тұрғындарымен кездескен болатын. Онда басты көшелерге тас төсеу, аялдама мен жарық бағаналарын орнату, тал бұтақтарын кесу және жол белгілерін орнату мәселелері көтерілген еді. Қала әкімі саяжай мәселесі салғырт қарауға болмайтынын, оны алдағы он күн ішінде орындау қажеттігін жауапты сала басшыларына жүктеді.

Қазір қос саяжайда қызу жұмыстар жүргізілуде. Өңірдегі ірі жол салушы мекеме «УАД» ЖШС-нің демеушілігімен ұзындығы екі шақырым болатын негізгі көшеге тас төсеу жұмыстары басталып кетті. Ал, қаланың коммуналдық мекемелері тазалық жұмыстарын ұйымдастырып, ағаштарды балақтап, жарық бағаналары мен үш аялдама орнатты.

Айта кету керек, келер жылы Қызылорда қаласының Бас жоспары қайта бекітіледі. Аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес, бас жоспарға қала аумағындағы саяжайлар енгізіледі. Заңды мәртебесін иеленетін саяжайларға инфрақұрылым жүргізілетін болады.

Тұрғындардың талап-тілегі орындалды 1.jpgТұрғындардың талап-тілегі орындалды 2.jpgТұрғындардың талап-тілегі орындалды 3.jpg

Тағы да оқыңыз: