Kyzylorda-news.kz Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимов «Amanat» партиясының аудандық филиалында тұрғындарды кезектілік тәртібімен жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Жеке қабылдауға келген тұрғындар тұрақты жұмысқа орналасу, тұрғын үй алу, аяқ су және көше жарығы мәселелерін көтерді.
Көтерілген мәселелер заңға сәйкес түсіндіріліп, жауапты сала басшыларына тиісті жұмыстарды жүргізу тапсырылды.
Тұрғындар аудан әкімінің қабылдауына egov.kz порталы, e-otinish бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш қалдыра отырып жазыла алады.