Kyzylorda-news.kz Қазалы ауданының әкімі Мейрамбек Шермағанбет кезектілікке сәйкес тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, олардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Қабылдауға келген тұрғындар аудан әкіміне өтiнiш-тiлектерiн жеке-жеке жеткізіп, мәселелерiнiң оң шешiмiн табуына ықпал жасауды сұрады. 

Тұрғындардың басым көпшілігі тұрғын үй мен жер кезегі және тұрақты жұмыс пен қоғамдық жұмысқа тұру мәселелерін көтерді. Сондай-ақ Әйтеке би кентінің бірқатар көшелеріне жарық орнату, жол кедергілер салу мен әлеуметтік көмек сұраған азаматтарды болды.

Аудан әкімі әрбір тұрғынның мәселесін жіті тыңдап, тиісінше түсініктеме берді. Сондай-ақ, көтерілген мәселелерді зерттеп, заңдылыққа сәйкес шешу жолдарын қарастыру жөнінде жауапты сала басшыларына нақты тапсырма жүктеді. Ал көше жарықшамы, жол кедергілерін орнату сынды басқада мәселелер бойынша аудан басшысы сол аймақтарға өзі барып көретіндігін айтты. 

Қабылдау барысында жұмыссыздық мәселесін көтерген тұрғындарға, аудан бойынша қазіргі таңдағы бос жұмыс орындарын ұсына отырып, мамандықтарына сәйкес сұраныс болған жағдайда тиісті жұмыс орындарына кезектілікпен жіберілетіндігі түсіндірілді. 

Фото: Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз: