Kyzylorda-news.kz Арал ауданының әкімі Аманжол Оңғарбаев кезектілік тәртібімен жазылған азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Қабылдауға жазылған азаматтар тұрғын үй кезегіне және жер алу мәселесіне қатысты уәждерін айтса, бірі тұрақты жұмысқа орналыстыру жөнінде өтініштерін жеткізді.
Тұрғындар тарапынан көтерілген мәселеге мамандар тарапынан құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілсе, жұмыссыздық бойынша аудан әкіміне жүгінген тұрғындарға барлық мәселе жергілікті қоғамдық кеңестің шешімі арқылы ретелетіндігі түсіндірілді. Мұнан өзге де әлеуметтік мәселелер жеке қабылдауда айтылып, аудан басшысы барлық сауал сала мамандарымен бірге мұқият зерделеніп, заңдылығына қарай шешім қабылданатынын жеткізді.
Аудан әкімі қабылдауда айтылған өтініштердің оңтайлы шешілуін қадағалау үшін жауапты бөлім басшыларына нақты міндеттер жүктеді. Кейбір мәселелер бойынша жауапты тұлғалар заң аясында түсіндірме беріп, шешу жолдарын ұсынды.
Еске салайық, тұрғындар аудан әкімінің қабылдауына «е-otinish» бірыңғай базасы немесе әкімдікке келіп жазбаша өтініш тастау арқылы жазыла алады.