Kyzylorda-news.kz.  Қызылорда қаласындағы «Саяхат» ықшам ауданының тұрғындары №348 сайлау учаскесіне келіп, ел болашағы үшін өз таңдауын жасап жатыр.

Айталық, түскі сағат 12:00-ге дейін 500-ге жуық адам дауыс беріп үлгерді. Келушілердің қатарында 81 жастағы Қасым Үкайұлы да бар.

Азаматтар үшін қабылданатын әрбір шешім маңызды. Еліміздің ертеңі үшін, ұрпағымыздың жақсы өмір сүруі үшін, жұртымыздың әлеуетінің артуы үшін таңдауымды жасадым. Ел еңсесін тіктеп, егемендігіне қол жеткізгелі көп нәрсе өзгерді. Елдің кемел келешегі үшін сайланғалы жатқан азаматтар адал болып, елдің жағдайын жақсарта бергей, – деді қария.

Елмен бірге екенін білдіріп, дауыс берген қарияға естелік сыйлық тарту етілді. Ал Қасым ата ел болашағына әсер ететін тарихи сәтте дұрыс таңдау жасалатына сенім білдіріп, ақ батасын берді.

Айта кетейік, тұрғындарға қуаныш сыйлау үшін барлық дауыс беру учаскелерінде көңілді әуен шырқалып тұрды. «Саяхат» ықшам ауданы тұрғындарының ішінде үлкен жастағы сайлаушылардың үлес салмағы жастар мен орта жастағы кісілерге қарағанда әзірге басым болып тұр. Қариялар №348 сайлау учаскесіне келіп, Қазақстан Республикасының азаматтары ретінде өз құқықтарын пайдаланып, дауыстарын берді.

 

Тағы да оқыңыз: