Байқоңыр қаласында іс-сапарда болған “AMANAT” партиясы облыстық филиалының төрағасы Жандос Базартай жеке қабылдау өткізіп, тұрғындар тілегін тыңдады.
Қабылдауда азаматтар жөсөспірімдер арасында бокстан республикалық турнир өткізуге қолдау білдіру, балабақшаның жұмыс кестесіне өзгеріс енгізуге ықпал ету, тұрғын үй алу, сондай-ақ Байқоңыр қаласында Жастар ресурстық орталығына арнайы ғимарат беру туралы мәселелер көтерді.
Мұнан бөлек төрағаның қабылдауына жазылған жеке кәсіпкер Ш.Алпысбаев Байқоңыр қаласы, Төретам кенті мен Ақай ауылдық округінде “Kaspi Bank” қазақстандық коммерциялық банктің төлем терминалдарын орнатуға ықпал жасауын сұрады.
Төраға Жандос Базартай қоғамдық қабылдауға келген тұрғындардың өтініштерін мұқият тыңдап, заң аясында тиісті кеңес беріп, мәселелердің оңтайлы шешілуі үшін тиісті жұмыстардың жүргізілетіндігі туралы хабарлады.
