Kyzylorda-news.kz. Облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Ибраев Рашид Өткелбайұлы партия алаңында кестеге сай қабылдау өткізді.

Қоғамдық қабылдауға келген тұрғындар жас отбасыларды баспанамен қамтамасыз етуде қарастырылып жатқан жеңілдіктер, «Қызылорда-Жезказған» жолының құрылысы және «Бәйтерек» м/а салынып жатқан орта мектеп құрылысының аяқталуы бойынша мәселелерді көтерді.

Фракция мүшесі жас отбасыларға беріліп жатқан жеңілдіктер аясында жан-жақты түсіндірмелер жүргізсе, Қызылорда облысына тиесілі бөлікте биылғы жылдың жобасына сәйкес «Қызылорда-Жезқазған» жолының 140 шақырымы салынатыны, жалпы жол құрылысы толықтай 2025 жылы аяқталатын болып белгіленгені жайлы ақпарат беріп, мектеп мәселесі фракция мүшелерінің бақылауында екенін жеткізді.

Тағы да оқыңыз: