«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Жалағаш ауданында сенбілік ұйымдастырылды.

Тазалық жұмыстарына мекеме қызметкерлерімен қатар, көше тұрғындары да белсенді қатысып, айналаны таза ұстауға өз үлестерін қосты.

Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимов сенбілік аясындағы жұмыстарды аралап көріп, жауапты сала басшыларына санитарлық тазалықты жүйелі жүргізу, жасыл желектерді күтіп ұстау, аяқсуды уақытылы жеткізу бойынша нақты тапсырмалар берді. Сонымен қатар, ортақ іске белсене атсалысқан тұрғындарға ризашылығын білдірді.

Акция барысында кенттегі негізгі көшелер мен жаяу жүргіншілер жолдары тазартылып, көше бойындағы ағаштар әктелді. Қураған бұтақтар кесіліп, жол жиектері мен сызықтары жаңартылды.

Жиналған қоқыс қалдықтары мен шабылған арамшөптер арнайы техниканың көмегімен белгіленген орындарға шығарылды.

Айта кетейік, сенбілік тек Жалағаш кентінде ғана емес, барлық ауылдық округтерде де өтті.

FB_IMG_1751705834522.jpg

Тағы да оқыңыз: