Kyzylorda-news.kz Облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Ниязов Мұхтар Мәуленұлы партия алаңында қоғамдық қабылдау өткізді.
Қабылдауға келушілер тұрғын үй-коммуналдық мәселелер, қаланың шет аймақтарының көшелерін жарықтандыру және өзге де тақырыптар бойынша өтініш-тілектерін білдірді.
Фракция мүшесі көтерілген сұрақтар боёынша жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірлесіп, мәселені оңтайлы шешу мүмкіндіктері қаралатынын түсіндіріп, көшені жарықтандыру тақырыбында депутаттық сауал жолданатынын атап өтті.
"Айтылған мәселелер өте орынды. Қазір облыста көп жұмыс жасалып жатыр. Оның ішінде сіздер көтеріп отырған жарықтандыру, көшелерді жөндеуде жүзеге асуда. Мен шет аймақтардағы мәселелерге қатысты жан-жақты зерттеп, құзырлы мекемелерге депутаттық сауал жолдап, ұсыныс беремін және жүзеге асыру барысын бақылауда ұстап өздкріңізге жеткізетін боламын",-деді Мұхтар Ниязов.
Қабылдау барысында азаматтарға партияның «Қарызсыз қоғам» және «Ауыл аманаты» сынды жобалары жөнінде де ақпарат беріліп, шарттары түсіндірілді.
