maslihat_sailauy

Kyzylorda-news.kz  Кеше аудандық партия филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмыс жоспарына сәйкес Сырдария ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Берік Жәнібеков аудан тұрғындарын жеке мәселелері жөнінде қоғамдық қабылдау жасады.

 Бүгінде тұрғындардың жеке мәселелері назардан тыс қалған емес, мамандардың әрдайым жіті бақылауында. Қоғамдық қабылдау барысында аудан тұрғындары тарапынан жұмыспен қамту және білім саласына қатысты сұрақтар қойылып, талап-тілектері тыңдалды. Бөлім басшысы Берік Жәнібеков тұрғындардың сұрақтары мен мәселелері жөнінде жан-жақты саралап, заң шеңберінде толыққанды әрі нақты жауап берді. Бөлім басшысының өткізген қабылдау барысында тұрғындап тарапынан бала-бақша мәселесі, жұмысқа орналасу, білім саласындағы кемшіліктер сияқты сұрақтар қойылды. Жеке қабылдауда көтерілген мәселелер бойынша тиісті тұлғаларға тапсырмалар жүктеліп, алдағы уақытта барлық айтылған ұсыныс-пікірлер жауапсыз қалмайтындығы және тиісті деңгейде шешу жолдары қарастырылатындығы айтылды. Білім саласының дамуы – ел болашағына деген сенім, – деді білім бөлімі басшысы Берік Жәнібеков. Қабылдау барысында өз шешімін тапқан мәселелер де болды.

Тағы да оқыңыз: