Kyzylorda-news.kz «AMANAT» партиясының халықтық қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» жобасы аясындағы оқу семинары жалғасып жатыр. Қатыушылар бюджетті есептеуді, кірістер мен шығыстарды салыстыруды, жеке қаржыны және депозиттер, несиелер, ипотека және т.б. қаржы құралдарын басқаруды үйренуге ынталы.

Партияның облыстық филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова 20-ші апталық семинарға қатысушылармен кездесіп, жобаның тиімділігін кеңінен жеткізді. Сонымен қатар оқу курсын табысты аяқтаған азаматтарға сертификаттар табыстады.

Жалпы өңірде ағымдағы жылы 11000 адамды оқыту жоспарланған болса, бүгінге күнге 6000 –ға жуық азамат оқытылып, сертификаттар табысталды. Бұл аптада оқу курсы Қызылорда, Байқоңыр қалалары мен Қармақшы, Шиелі және Жаңақорған аудандары тұрғындары арасында өтті. 

Тағы да оқыңыз: