Kyzylorda-news.kz ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің ұсынысымен Шиелі мен Жаңақорған ауданында жемқорлыққа қарсы мобильді топтың қабылдауы өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және халық пен мемлекеттік органдар арасындағы кері байланысты нығайту болып табылады.
Мобильді топ құрамына құқық қорғау органдарының қызметкерлері, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік сала мамандары мен заңгерлер тартылды. Олар тұрғындардың түрлі саладағы сұрақтарына жауап беріп, өзекті мәселелер бойынша нақты түсіндірмелер жүргізді.
Мобильді топтың мақсаты – қоғамда сыбайлас жемкорлыққа қарсы медениетті қалыптастыру, халыққа тегін құқықтық кеңестер беру, қабылдаулар өткізу, тұрғындарды толғандыратын мәселелерді көтеру және т.б.
Өткізілген іс-шаралар барысында жер мәселелері бойынша 20-ға жуык адам жүгінді. Барлығына тиісті түсініктемелер берілді.
Құқықтық ағарту азаматтарға мемлекеттік органдардың қызметін және қызметтерді алу тәртібін терең түсінуге мүмкіндік бере отырып, елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетудің маңызды шарты болып табылады.
Мұндай мобильді қабылдаулар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.