Kyzylorda-news.ru. 2020-2021 жылдар аралығында «Тұрғын үй жинақ банкі» арқылы 1 қабатты, 4 пәтерлі, 40 тұрғын үй құрылысы салынады.

Сонымен қатар, келер жылдан бастап «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде аз қамтамасыз етілген көп балалы отбасыларға және тұрғын үй кезегіндегі тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін 5 жылда 241 пәтермен қамтамасыз етуге 474 мың ш.м. тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Нәтижесінде сайлауалды бағдарламада көрсетілгендей 120 отбасы тұрғын үймен және 1594-тей отбасы жер бөлігімен қамтылады.

Бұл туралы облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Еркебұлан Аяғанов есіктен есікке акциясы аясында кездескен тұрғындарға айтты.

«Есіктен есікке» акциясы аясында үміткер Аманөткел ауылының тұрғыны, тыл ардагері Патсайы Тілеуқабылованың шаңырағына табан тіреп, талап-тілегін тыңдады. Сондай-ақ, Nur Otan» партиясының ілкімді істерін насихаттап, «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасында қамтылған ауқымды шаралар тізбегін талқылады. Онда ауыл тұрғындарын таза ауыз су, газбен қамтамасыз ету, тұрғын үй, жастарды жұмыспен қамту сияқты салмақты сауалдарға жауап берді.

“Партия 2021 жылдан бастап Сексеуіл кентінде автоматтандырылған газ тарату станциясын орнатып, «Бейнеу-Шымкент» магистральді газ құбырынан газ құбырын бұру құрылысы және кварталішілік газ тарату желілері мәселесін шешуге ниетті. Ал 2024-2025 жылдары Қамыстыбас елді мекеніне, Арал қаласында № 5, № 6, № 7, № 8 шағын мөлтек аудандарына газ құбырын салуға ықпал етпек. Сонымен қатар, алдағы 5 жыл шеңберінде 11687 халқы бар Сексеуіл кенті және 1955 халқы бар Қамыстыбас елді мекенін газбен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп, 2025 жылға қарай аудан халқының 65 пайызы, яғни, 54692 тұрғыны газбен қамтамасыз етілетін болады”, – үміткер Еркебұлан Аяғанов.

Ауыл халқы үшін азық-түлік мәселесі өте маңызды. Кездесу барысында мал шаруашылығы да назардан тыс қалмады. Анығын айтқанда, партия ірі қара мал басын 5760 басқа көбейту арқылы мал шаруашылығының дамуына жәрдемдесіп, Ақирек ауылдық округінде жем-шөп базасын құру мақсатында жоңышқа егілетін алқапты 30 гектарға ұлғайтпақ. 2021 жылы балық өнімдерін тереңнен өңдеу зауыттарының құрылысын салып, қоғамдық тамақтану орнын салуға жобаларын жүзеге асыруға және аудан орталығында 2 әлеуметтік дүкен ашуға баса назар аудармақ. Ал 2025 жылға қарай 4 компоненттен тұратын балық өсіру және өңдеу кешені жобасын жүзеге асыруға ықпал ететін болады.

«Nur Otan» партиясы Қызылорда облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

Тағы да оқыңыз: