Kyzylorda-news.kz.  «AMANAT» партиясы облыстық филиалы жанындағы Өңірлік даму жөніндегі аймақтық кеңес және партиялық бақылау комиссиясы өкілдері бүгін облыс орталығындағы тұрақтандыру қоры қоймасының жұмысымен танысты.

Тұрақтандыру қорында тауарларды сақтауға арналған жалпы сиымдылығы 5250 тонналық 2 қойма бар. Сиымдылығы 3250 тоннаны құрайтын қойма 2011 жылы ал көкөніс сақтау қоймасы 2020 жылы пайдалануға берілген.

Қазіргі таңда өңірде азық-түлік қорында тапшылық жоқ. 37 әлеуметтік дүкен қалыпты жұмыс істеуде. Тұрақтандыру қорын 2023 жылғы күзгі көкөніс тауарларымен қамтамасыз үшін форвардтық шарттар шеңберінде 1545 тонна картопқа, 800 тонна басты пиязға, 446 тонна сәбізге келісім шарттар жасалған. Қазіргі уақытта 800 тонна басты пияз және 33 тонна картоп қоймада сақтаулы. Қалған тауарлар сұранысқа сәйкес жеткізілмек. Бұған қоса, «КазСевер Агро» ЖШС-мен 1400 тонна картоп, 231 тонна сәбіз, 200 тонна қырыққабат, «Ынтымақ-10» шаруа қожалығымен 200 тонна қырыққабат сатып алуға келісім шарт жасалған.

«Қазіргі таңда тұрақтандыру қорында әлеумттік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің 10 түрінің қоры жеткілікті түрде қоймада сақтаулы. Ең бастысы, бағасы килограмына 128 теңгені құрайтын ұнның 75 тоннасы резервте тұр. Қосымша «Қазақ ұны» ЖШС-нен 4760 тонна 1 сортты ұн сатып алуға келісім шарт жасалып, оның 1610 тоннасы жеткізілген», – деді «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы басқармасының бас маманы Қанат Тәжкенбаев.

Әлеуметтік маңызды тауарлармен қамтамасыз етудің жай-күйін електен өткізген мониторингтік топ өкілдері тұрақтандыру қорының өнімдері тұрғындарға тиімді бағада ұсынылуы қажеттігін айтып, нарықтағы азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру бағытындағы шаралар үнемі «AMANAT» партияcының бақылауда болатындығын жеткізді.

395404712_727237269441912_2229828589563267848_n.jpg

 

395411858_727237199441919_6288076591801245664_n.jpg

Тағы да оқыңыз: