Kyzylorda-news.kz.  Бүгінде өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында жиі жәрмеңкелер ұйымдастырылуда. Онда азық-түлік өнімдерінің бағасы нарықтан әлдеқайда төмен бағада халыққа ұсынылып жатыр.

Бүгін тұрақтандыру қорына әлеуметтік маңыздағы өнімнің бірі – пияздың 21 тоннасы келді. Аталған өнімді корпорация «QazTrade» компаниясымен келісімшартқа отырып, Өзбекстан елінен әкелінді. Бұл пияздар қаламыздағы 10 ірі сауда орталығындағы бұрыштар мен 35 әлеуметтік дүкенге белгіленген бағада таратылатын болады.

Бұдан бөлек, қазіргі таңда 20 тонна қырыққабат, 55 тонна рожки өнімдерін сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде тұрақтандыру қорында 94,97 тонна картоп, 394,22 тонна қарақұмық жармасы, 90,01 пияз, 241 тонна рожки, 97,71 тонна сәбіз және 1 сортты ұннан 137,18 тонна, жоғары сортты ұннан 111,56 тоннасы бар. Сондай-ақ, 531,34 тонна өсімдік майы, 313,17 тонна күріш, 422,32 тонна қант пен 49,11 тонна тұз өнімі сақтаулы. Жалпы маусымаралық кезеңде өңірлік тұрақтандыру қоры мен айналым қаражаты арқылы тікелей тауар өндірушілермен көкөніс өнімдеріне форвардтық келісім жасалып, қажеттілігіне қарай кезең-кезеңімен жеткізілуде, – деді «Байқоңыр» ӘКК» АҚ басқарма басшысы Мейрамбек Серікбай.

 

Тағы да оқыңыз: