Kyzylorda-news.kz. Американдық ғалымдар майды көп қабылдауға негізделген кетодиета тұмаудың алдын алуға көмектесетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мамандар зерттеулерін кеміргіштерге жүргізіпті. Бір апта бойы олар бір топ тышқанды құрамында майы көп өнімдермен, ал екінші топты көмірсуларға бай тағамдармен қоректендірген. Нәтижесінде, майлы өнімдерді көп тұтынған тышқандар тобы тұмау вирустарын тез жеңіпті. 

«Егер біз бұл зерттеу қорытындысын адамдарға деген әсерін анықтай алсақ, алдағы уақытты тұмауды жеңіп шығуға да болады», деді Йель университетінің профессоры Акико Ивасаки. 

Сонымен қатар зерттеушілер май диетасы иммундық жүйенің белсенділігін арттырып, тұмау вирусын жеңуге септігін тигізетіндігін айтты.

Тағы да оқыңыз: