Тұман, көктайғақ, қар: 9 қаңтарға арналған ауа райы болжамы – Kyzylorda News
Басты бет

Тұман, көктайғақ, қар: 9 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

09.01.2020, 9:00

321 0

Kyzylorda-news.kz.  «Қазгидромет» РМК мамандары 9 қаңтар күні Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан территориясының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Еліміздің оңтүстік-батысында кей жерлерде жауын-шашын жауады, ал қалған аймақтарда қар жауады.

Тек оңтүстікте жауын-шашын жоқ, күн ашық. Кей жерлерде тұман сақталады, оңтүстікте және батыста – көктайғақ, Жамбыл облысында жаяу бұрқасын көтеріледі.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде, Ақмола, Алматы, Түркістан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.

Қызылорда, түнде Маңғыстау, Атырау облыстарында тұман түсіп, көктайғақ күтіледі.

0

Пікір қалдыру