Kyzylorda-news.kz. Синоптиктердің болжауынша жұмада еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды Қазгидромет.

Қазақстан аумағының батыс бөлігіне Қара теңіз аймақтарынан ауысатын циклон әсер етеді, сондықтан батыс пен солтүстік-батыстың кей жерлеріңде жаңбыр, қар жауады. Қалған өңірлерде атмосфералық қысым жоғары болады, сондықтан ауа райы жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді.

Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с.

Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

 Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болуы ықтимал, жел тұрып, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, Муғалжар ауданында желдің екпіні 18 м/с күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, күндіз бұрқасын, көктайғақ, жел тұрады, жылдамдығы 18 м/с.

 Алматы облысының түнде кей жерлерінде тұман күтіледі, Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, Атырау облысында көктайғақ болады.

Тағы да оқыңыз: