Kyzylorda-news.kz  Партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов ҚР Парламент Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы депутаттық фракция мүшесі Мархабат Жайымбетовпен партияның Сайлауалды бағдарламасы аясында Сол жағалауда салынып жатырған көпқабатты тұрғын үй пәтерлерінің құрылыс жұмыстарына мониторинг жасады.

Жалпы ауданы 37 283,4 м2 құрайтын тұрғын үйлер мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолжетімді ету мақсатында салынып жатыр. Бір тұрғын үйдің ауданы 6 213,9 шаршы метрді құрайды. Құрылыс қарқыны жоғары. Мониторинг барысында фракция мүшесі құрылыс жұмыстарының сапасына ерекше мән беруді атап өтті.

Мұнан соң ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев жаңадан салынып жатқан Жылу электр орталығының құрылыс жұмыстарымен танысты.

Мұнда қазіргі уақытта 600-ге жуық адам және 60 техника жұмылдырылған. Жұмыс жоспарға сәйкес жүруде. Нысан 2025 жылы пайдалануға беріледі.

«Жаңа жылу электр орталығының құрылысы Мемлекет басшысының ерекше бақылауында. Орталық іске қосылғанда Сыр өңірін ғана емес, оңтүстік өңірлердегі электр энергиясының жүктемесін тұрақтандыруға оң әсерін тигізбек.

455970038_914578407374463_2532509062179927617_n.jpg455817470_914578394041131_5786433364571485425_n.jpg

Тағы да оқыңыз: